21 қаңтар 2021 14:35

Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Фото РИА Новости ©Фото РИА Новости

Садыр Жапаров мерзімінен бұрын өткен президент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.


Садыр Жапаров мерзімінен бұрын өткен президент сайлауында жеңіске жеткеннен кейін Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Президенттің міндетін атқарушы - Жогорку Кенеш (Парламент) төрағасы Талант Мамытов Садыр Жапаровтың премьер-министр өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, министрлер кабинеті де отставкаға кетті.

Үкімет мүшелері жаңа құрам құрылғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болды. Қырғызстан премьер-министрінің міндетін атқарушы Артем Новиков болады.

Министрлер кабинетін отставкаға жіберу туралы шешімді Садыр Жапаров ОСК дауыс беру қорытындыларын ресми жариялағаннан кейін қабылдады.

Елдің алтыншы президентін ұлықтау рәсімі 28 қаңтарда өтеді.

Айта кетейік, Қырғызстандағы мерзімінен бұрын президенттік сайлау Қазақстандағы парламенттік сайлаумен бір күні - 10 қаңтарда өтті.

Садыр Жапаров туралы не білеміз.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Қырғыз басшысы шақыруды қабылдап, президент ретіндегі алғашқы сапарын Қазақстанға жасайтынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети