Сот Қырғызстан Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Мелис Тұрғынбаевқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қырғызстандық БАҚ-қа сілтеме жасап.
24.kg мәліметінше, Бішкек соты Мелис Тұрғынбаевты үйқамаққа жіберген. Сондай-ақ Қырғызстан Ұлттық банкінің экс-басшысы жемқорлық туралы қылмыстық іс бойынша тергеліп жатқаны хабарланды.
Еске сала кетейік, Мелис Тұрғынбаевтың ұсталғаны 25 наурызда белгілі болған еді. Ол кезде БАҚ ІІМ тергеу қызметінің өкілдері оны "Қырғызмұнайгаз" ААҚ-ына қатысты іс бойынша куәгер ретінде жауап алуға шақырғанын хабарлаған. Тергеу амалдары нәтижесінде Ұлттық банктің бұрынғы басшысы ұсталды.
БАҚ мәліметіне сәйкес, Мелис Тұрғынбаев мұнай-газ саласында бірқатар басшылық қызметтер атқарған. Атап айтқанда, "Қырғызмұнайгаз" ААҚ басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі болған.
Сондай-ақ ол табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрі лауазымын атқарып, кейін Қырғызстанның Ұлттық банкін басқарған.