20 қараша 2015 | 12:48

Қырғызстанда 6,5 балдық жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gismeteo.kz © gismeteo.kz

Қырғызстанда Рихтер шкаласы бойынша 6,5 балдық жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанда Рихтер шкаласы бойынша 6,5 балдық жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ сілтеме жасап.

Қырғызстан Сейсмология институты сейсмологиялық станциясының мәліметтері бойынша, 20 қараша жергілікті уақыт бойынша, сағат 10.46-да 6-6,5 балдық (магнитуда Mpv= 5,1) жерасты дүмпуі тіркелді.

Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Қара-Согот ауылынан солтүстік-шығысқа қарай жеті шақырым қашықтықта, Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 30 шақырым жерде болған.

Республиканың елді мекендерінде жер сілкінісінің күші 6-6,5 балл болды. Жерасты дүмпулері Лангар, Қара-Согот, Бек-Жар, Чайчи, Қызыл-Туу ауылының тұрғындарына сезілді. Сонымен қатар, Ош қаласының өзінде 5 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Айта кетейік, Қазақстанның сейсмологиялық станциялары сағат 10.45-те жер сілкінісін тіркеді. Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 429 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында болды. Зілзаланың энергетикалық класы - 10,9, MPV магнитудасы - 4,8, тереңдігі - 5 шақырым.

Еске сала кетейік, 17 қарашада Астана уақыты бойынша, 23.29-да Қырғызстанда жер сілкінді. Магнитудасы 6,3 болған зілзаланың ошағы Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 495 шақырымда болды. Таразда және Меркеде күші 3 балл болатын жер сілкінісі сезілген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети