Қырғызстанда Атамбаевтың оққағары тұтқындалды

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда Атамбаевтың оққағары тұтқындалды © Фото:kaktus.media

Қырғызстанның әскери прокуратурасы экс-президент Алмазбек Атамбаевтың оққағарын тергеуге шақырды. Ол  Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің 9-шы қызметінің экс-басшысы Дамир Мұсакеев, - деп хабарлайды kaktus.media.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның әскери прокуратурасы экс-президент Алмазбек Атамбаевтың оққағарын тергеуге шақырды. Ол  Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің 9-шы қызметінің экс-басшысы Дамир Мұсакеев, - деп хабарлайды kaktus.media.

Сот шешімі бойынша Дамир Мұсакеевке ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылған. Оған ҰҚМК 9-шы қызметінің басшысы болған кезде өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдік тағылып отыр. 

"Қылмыстық іс оның өз қызметкерлеріне қызметтік пәтерлерді бөліп бергені үшін қозғалып отыр. Оған қоса пәтерлер жекешелендірілмеген екен. Мемлекет ешқандай залал шекпеген. Дамир Мұсакеевке тағылған күдіктің бәрі құқықтық тұрғыдан қаралып тұрған жоқ", - деді Қрығызстанның әлеуметтік-демократиялық партиясының өкілдері.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 9-шы қызметі мемлекет басшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бөлім. Оған қоса бөлім: премьер-министр, жоғарғы соттың спикері мен төрағасын және стратегиялық нысандарды қорғайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети