Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) қызметкерлері халықаралық лаңкестік ұйымның мүшесін ұстады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Қырғызстанның МҰҚК-нің қоғаммен байланыс бөлімінің өкілдері мәлімдеді.

Ведомство өкілдерінің сөзінше, лаңкес Бішкектегі адам көптеп жиналатын бірнеше орынға қою үшін жарылғыш заттар жасап жатқан жерінде ұсталған. Тергеу ер адамның шетелдік лаңкестік лагерьлерде жарылғыш заттар дайындау бойынша дайындықтан өткенін анықтады. Лаңкестің тұрып жатқан жерін тінту кезінде жарылғыш заттар дайындау бойынша нұсқаулар, экстремисттік мазмұндағы аудио-видео материалдар, әскери гранаталар, түрлі оқ-дәрі табылған.
Еске салайық, Бішкекте соңғы рет 2016 жылдың 30 тамызында болған. Ол кезде Қырғызстан астанасындағы Қытай елшілігі ғимараты жаныда жарылыс болып, дипломатиялық миссияның төрт қызметкері жаралған еді. Жанкештінің өзі оқиға орнында мерт болған.