Қырғызстанда дәрігерлер жаппай коронавирус жұқтырған аурухана жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда дәрігерлер жаппай коронавирус жұқтырған аурухана жабылды Фото: Тұрар Қазанғапов

Қырғызстанның Жалал-Абад облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлер жаппай коронавирус жұқтырған соң жабылды, - деп хабарлайды РИА Новости.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның Жалал-Абад облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігерлер жаппай коронавирус жұқтырған соң жабылды, - деп хабарлайды РИА Новости.  

"Бұл аурухананың барлық қызметкері коронавирус жұқтырған, сондықтан біз мекемені жабуға мәжбүрміз. Науқастарды Ош қаласына жібереміз", - деді денсаулық сақтау министрі Сабыржан Әбдікәрімов.

Министрдің айтуынша, ауруханада дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, бүгінде Қырғызстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 270-ке жетті. Төрт адам қайтыс болған. Елде төтенше жағдай режимі енгізілген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети