01 ақпан 2021 12:54

Қырғызстанда делдалдар жолаушыларды Қазақстанға өткізу үшін ақы сұраған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Қырғызстан баспасөз қызметі Фото: Қырғызстан баспасөз қызметі

Қырғызстанда Қазақстанға өтуге мүмкіндік беретін рұқсаттама сату жағдайы тіркелген. Делдалдар көрсетілген қызмет үшін Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігіне ақы төлеу қажет деп сендіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан тарапынан уақытша шектеу енгізген сәттен бастап Қырғызстан СІМ 2000-нан астам азаматтың Қазақстанға шығуына дипломатиялық нота жіберу арқылы жәрдем көрсетті. Сонымен қатар, Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігіне қызмет көрсеткені үшін ақы төлеу қажеттілігін алға тартатын делдалдар мен ұйымдардың заңсыз әрекеттері тіркелген. Осыған байланысты, Қазақстанның Қырғызстандағы дипломатиялық өкілдігі дипломатиялық нотаны рәсімдеу тегін екенін хабарлады. Сондай-ақ, азаматтарды белгілі бір ақыға Қазақстанға кіру мәселесін жедел келісу туралы делдал тұлғалар мен ұйымдардың күмәнді ұсыныстарына сенбеуге шақырамыз", - делінген ведомство хабарламасында.

Қырғызстан азаматтарының Қазақстанға кіру мәселесін қарау мерзімі 5-тен 10 жұмыс күніне дейін. Өтініштің қаралу уақыты Қазақстан Республикасының құзыретті органдарының ішкі келісуімен байланысты.

Өтініштерді Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті қабылдайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети