Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қырғызстанда экстремистері қашып кеткен түрменің бұрынғы басшысы өз-өзіне қол жұмсады

20 Қараша 2015, 10:25
0

Қырғызстанда экстремистері қашып кеткен түрменің бұрынғы басшысы өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі республиканың ЖАМҚ баспаөсз қызметіне сілтеме жасап. Иманқұл Телтаев Бішкектегі тергеу изоляторында асылған күйі табылды. 

ТМ-50 экс-басшысының денесін кезекші қарауыл тауып алған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Иманқұл Телтаев Бішкектің тергеу абақтысына 2015 жылдың 11 қарашасында қамалған болатын. Изоляторға түскеннен кейін ол денсаулығының нашарлығын айтып, медициналық бөлімге ауыстырылған еді. Телтаев палатада бір күн болды. 

Осыған дейін Қырғызстан Республикасының ЖАМҚ басшысы Алик Мамырқұлов ТМ-50-ден қауіпті қылмыскерлердің қашуына және тергеу изоляторының қызметкерлерінің қазасына әкеліп соққан оқиғаға жол берілгендіктен Телтаев ИК-50 басшысын қызметінен босатқан еді. Сот оны екі айға қамауға алу туралы санкция шығарды.

Еске сала кетейік, 12 қазанға қараған түні Қырғызстанда 9 адам колонияның үш қызметкерін өлтіріп, түрмеден қашып кеткен. Олардың бесеуі айналма жолда ұсталды. Түрмеден қашқан төртеудің екеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылған болса, екеуі тергеуде екен. Іздеудегілер экстремизм мен терроризм үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар. Төменгі Нооруз ауылындағы №50 түзету мекемесінен қашқандар заңсыз деп танылған "Жайшул-Махди".


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай