Қырғызстанда ер адам балаларға ине салынған кәмпиттер таратқан: ол ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда ер адам балаларға ине салынған кәмпиттер таратқан: ол ұсталды Фото: facebook.com/uvdleninsky312

Қырғызстанда балаларға ішіне ине салынған кәмпит таратқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қырғызстанда балаларға ішіне ине салынған кәмпит таратқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқиға 28 наурызда кешке Бішкектегі "Ақ-Ордо" тұрғын алабында болған. Ленин аудандық Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, жергілікті тұрғын арызбен жүгінген. Әйелдің айтуынша, оның 11 жастағы қызы мен басқа да балалар белгісіз ер адамнан тәттілер алған. Кейін кәмпиттердің ішінен ине сынықтары табылған.

Аталған факт бойынша Ленин аудандық ІІБ тергеу қызметі қылмыстық іс қозғады. Барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалған.

Күдікті ұсталды

Жедел-іздестіру шаралары барысында милиция қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтады. Ол Н.Д. есімді азамат болып шықты. Оны ұсталып, қалалық Ішкі істер бас басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде кәмпиттер мен тергеу үшін маңызы бар басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Тұрғындарға үндеу

Құқық қорғау органдары ата-аналарды балалармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуге шақырды. Оларға бейтаныс адамдардан тамақ немесе қандай да бір зат алуға болмайтыны ескертілді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 472.42   544.68   5.88 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети