Қырғызстанда жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда жер сілкінісі болды Скриншот Google Maps

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 2 сәуірде Астана уақытымен сағат 4:28-де болған. Жер асты дүмпуінің магнитудасы - 4,9.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институты мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Өзген қаласынан 3 шақырым, Құршаб ауылынан 5 шақырым, Қарасу қаласынан 30 шақырым және Ош қаласынан 45 шақырым жерде орналасқан.

Елді мекендерде жер сілкінісі қалай сезілген:

  • Өзгенде, Мырза-Арық және Қарауыл ауылдарында – шамамен 4,5 балл;
  • Құршаб, Мырза-Әке, Қызыл Маяк және басқа да ауылдарда – 4 балл;
  • Қарасуда, Отуз-Адыр, Құрбы-Таш, Ничке-Сай, Сәлем-Әлік ауылдарында – 3,5 балл;
  • Ош, Манас, Көк-Жаңғақ қалаларында – 3 балл.

Еске сала кетейік, 31 наурызда Жетісу облысында бірден үш жер сілкінісі болған еді. Алғашқы жер сілкінісі 31 наурызға қараған түні тіркелді: жер асты дүмпуінің магнитудасы 4,4 балл болды. Екінші жер сілкінісі сағат 11:11-де болды — оның эпицентрі Жаркенттен солтүстік-батысқа қарай 52 шақырым жерде орналасқан.

Үшінші жер асты дүмпуін сейсмикалық станциялар желісі сағат 13:23-те тіркеді. Оның эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 267 шақырым жерде орналасты. Жаркенттегі есептелген күші 2 балл болды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 472.42   544.68   5.88 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети