11 маусым 2017 12:42

Қырғызстанда жергілікті тұрғындар шетелдік студенттерді тізерлетіп қойып, кешірім сұратты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның Нарын қаласында жергілікті тұрғындар Орталық Азия Университетінің студенттерін тізерлетіп қойып, кешірім сұратты. Бұл туралы НТС ТРК телеарнасының YouTube-арнасында жарияланған сюжетте айтылады. Айта кетейік, бұл университетті Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан ханзада Кәрім Аға-хан бірігіп ашқан.

Бұған 27 мамырда өткен баскетбол жарысынан кейін студенттердің жергілікті тұрғындарды ұрып-соққаны себеп делінеді. 8 маусымда Нарын қаласының жастары университет ғимаратына жиналып, ЖОО студенттерін жазалауды талап еткен. Сондай-ақ, олар студенттерді елден көшіріп жіберуді талап еткен. 

Акция кезінде біреу студенттерге қарай үстел лақтырған. Біраз уақыттан кейін студенттер мен ЖОО оқытушылары тізерлеп отырып, кешірім сұраған. Осыдан кейін наразы жастар кетіп қалған. 

Қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі бойынша құқық қорғау органдары "Бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғады. Істі Қырғызстанның премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков өз бақылауына алды. 

Turmush басылымының мәліметінше, келесі күні Нарын жастары оқу мекемесінің тізерлеп отырған мұғалімдерінен кешірім сұраған. 

 "Біз бүгін мұнда оқытушылардан кешірім сұрау үшін келдік. Жарыс кезінде қақтығысқа қатысқан студенттерді елден көшіру туралы талабымыз болды. Біздің талап орындалды. Екі студент елден шығарылды. Қалған студенттермен келісім тауып, татуласуға дайынбыз", - деп келтіреді басылым жастардың сөзін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети