Қырғызстанда жол апатынан сегіз адам қаза тауып, 4 жасар қыз аман қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда жол апатынан сегіз адам қаза тауып, 4 жасар қыз аман қалған Видеодан алынған кадр

Қырғызстанда жол апатынан аман қалған 4 жасар қызды атасы мен әжесі қамқорлығына алатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тоқмақ ауруханасының бас дәрігері Бақтыгүл Исаеваға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда жол апатынан аман қалған 4 жасар қызды атасы мен әжесі қамқорлығына алатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тоқмақ ауруханасының бас дәрігері Бақтыгүл Исаеваға сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 19 желтоқсанда Бішкек - Нарын - Торугарт тасжолында болған. Volkswagen Vento және KIA K5 көліктерінің соқтығысуы салдарынан 8 адам қаза тапқан. Оның ішінде аман қалған қыздың ата-анасы да бар.

"Қыз ауыр жарақат алмаған. Оған басы шайқалды деген диагноз қойылды. Жағдайы тұрақты. Бүгін оған ауруханаға туыстары келді. Олар баланы атасы мен әжесі асырап алатынын айтты", - дейді Бақтыгүл Исаева.

Сонымен қатар, 4 жасар қыз Бішкектегі медициналық мекеменің бірінде тексерістен өтеді.

"Баланың жағдайы тұрақты болғандықтан оны ауруханадан шығаруға болады. Алайда қыздың туыстары баланы Акушерлік және педиатрия ғылыми-зерттеу институтында қосымша тексерістен өткізгісі келетінін айтты. Әрине, біз бұл шешімді қолдадық", - деді Тоқмақ ауруханасының бас дәрігері.

Еске салайық, алдын ала ақпарат бойынша Volkswagen Vento жолдың қарсы бетіне шығып, KIA K5 көлігіне соғылған. Салдарынан 8 адам қаза тапқан.

Аман қалған қыз ата-анасымен бірге тойдан келе жатқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети