Қырғызстанда қаруы мен оқ-дәрілері бар қазақстандық ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің БАҚ және қоғаммен байланыс бөлімі хабарлады.

Шекара қызметінің мәліметінше, "Кенбулун-автодорожный" бақылау-өткізу бекетінде қырғызстандық шекарашылар 1 бірлік LOM-S револьверін, 98 дана Hilti cal.5.6/16 патронын және револьвердің дыбысын басқыш құрылғыны тәркіледі. Қару мен оқ-дәрілер Қазақстан азаматының Subaru Forester маркалы автокөлігін тінту барысында табылды.
"Ұсталған азамат Қырғызстаннан Қазақстанға өтпекші болды. Қазақстан азаматына қатысты тиісті құжаттар толтырылғаннан кейін ол қару-жарақтармен бірге құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылды", - делінген хабарламада.