Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Қырғызстанда қашқын тоғыз экстремистің тағы біреуі түрмеде көз жұмды

21 Қазан 2015, 13:10
0
Бақыт Кенжеғұлов. © zanoza.kg
Бақыт Кенжеғұлов. © zanoza.kg

Қырғызстанда қашқын тоғыз экстремистің біреуі Бақыт Кенжеғұлов түрмеде 21 қазанға қараған түні көз жұмды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Жазаны өтеу мемлекеттік қызметіндегілер (ЖОМҚ) хабарлады.

Қылмыскер №47 түзеу колониясында сотталған науқастарды оқшаулау учаскесінде қайтыс болды. Кенжеғұлов ол жерге кеше ауыр халде жеткізілген. Дәрігерлер жүрек - тамыр және тыныс алу жетімсіздігі деген диагноз қойды. ЖОМҚ мамандарының мәлімдеуінше, ол ұсталғаннан кейін Бішкек түрмесінің бір адамға арналған камерасына қамалған. Бұл дерекке қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр.

Бақыт Кенжеғұлов 2013 жылы 16 шілдеде сотталған, оны Октябрь аудандық соты бес бап бойынша айыпты деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеген.

Еске сала кетейік, 12 қазанға қараған түні Қырғызстанда 9 адам колонияның үш қызметкерін өлтіріп, түрмеден қашып кеткен. Олардың бесеуі айналма жолда ұсталды. Түрмеден қашқан төртеудің екеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылған болса, екеуі тергеуде екен. Іздеудегілер экстремизм мен терроризм үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар. Төменгі Нооруз ауылындағы №50 түзету мекемесінен қашқандар заңсыз деп танылған "Жайшул-Махди" партиясының өкілдері болған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай