Қырғызстанда қатты аяз: Бішкек көшелерінде шамдар өшіріледі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда қатты аяз: Бішкек көшелерінде шамдар өшіріледі Фото:elements.envato.com

Қырғызстанда қатты аяз, сондықтан Бішкекте энергия жүйесіне жүктемені азайту үшін көшелерде шамдар өшіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда қатты аяз, сондықтан Бішкекте энергия жүйесіне жүктемені азайту үшін көшелерде шамдар өшіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Бішкек қалалық әкімдігі мәліметінше, қатты суыққа байланысты электр энергиясын тұтыну көлемі айтарлықтай артқан. Бұл электр желісінің жабдықтарында шамадан тыс жүктеме болуына әкеп соққан.

"Ірі апаттарды, энергия жабдықтарының істен шығуын болдырмау үшін көше жарығынсыз түнгі уақытта жол апаттарының қаупін ескере отырып, ең жоғары жүктеме сағаттарда жарық өшіріледі", - делінген хабарламада.
Бульварлар, саябақтар, скверлер мен веложолдар жарықсыз қалады.

Айта кетейік, бұған дейін Энергетика министрлігі Қырғызстанда жарық сөндірілгенін растаған болатын. Ведомство мәліметінше, 1-1,5 сағат бойы электр қуатын өшірмесе, трансформаторлар істен шығуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети