Қырғызстанда Қазақстанмен шекара маңында жер сілкінісі болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда Қазақстанмен шекара маңында жер сілкінісі болды

Қырғызстанда Қазақстанмен шекара маңында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда Қазақстанмен шекара маңында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісі 25 шілдеде Астана уақытымен 02:40-та тіркелген. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Қырғызстан аумағында, Жалал-Абад қаласынан солтүстік-батысқа қарай 38 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 4,3-ке тең болды.

Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісінің қарқындылығы келесідей болды:

  • Массы қаласы, Қара-Бұлақ ауылы – шамамен 4 балл,
  • Кочкор-Ата қаласы, Гелеген ауылы – 3,5 балл,
  • Майлуу-Суу қаласы – 3 балл.

Еске салайық, 24 шілде таңертең Жетісу облысында Алакөл көліне жақын жерде жер сілкінісі болды.

Сондай-ақ, 23 шілдеде Қазақстанның шығысында жер сілкінісі тіркелген еді. Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары 4 баллдық жерасты дүмпулерін сезді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети