04 қыркүйек 2015 15:28

Қырғызстанда Қазақстаннан тасымалданған мұнай контрабандасының көлемі артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Қырғыстан ЕАЭО-ға кіргеннен бері жанар-жағармай материалдарын Қазақстаннан заңсыз әкелу көбейді. Осының салдарынан мұнай өнімдерінің нарықтағы ресми тапсырысы бәсекелестікке қабілетсіз болып отыр. Бұл туралы Қырғызстан Мұнай трейдері ассоциациясы мәлімдеді, - де хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жанар-жағармай материалдарын заңсыз тасымалдауға шекараның ашылуы, сонымен қатар тамыз айының соңында болған теңгенің құнсыздануы себеп болып отыр. "Қазақстанда мұнай өнімдері арзандады. Сондықтан да Қырғызстанға жанар-жағармай материалдарын заңсыз әкелу көбейді. Бұл ресми импорттың көлемі мен мемлекеттік бюджетке төлемнің азаюына әкеледі. Нарықтағы адал кәсіпкерлер заңсыз жеткізушілермен бәсекелес бола алмайды", - деп жазылған Қырғызстан Мұнай трейдері ассоциациясының хабарламасында.

Ассоциация мәліметінше, контрабанда Қырғызстанға ресми жеткізілетін мұнай өнімдерінің үштен біріне жетуі мүмкін. Жыл сайын елге шамамен миллион тонна жанар-жағармай материалдары қажет. 2015 жылдың басынан бері Қырғызстанға 724 мың тонна жанар-жағармай материалдары импортталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети