Қырғызстанда митингіге шыққандар экс-премьер Сапар Исақовты колониядан босатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда митингіге шыққандар экс-премьер Сапар Исақовты колониядан босатты Сапар Исақов. Фото: gov.kg

Жемқорлық үшін сотталған Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исақов колониядан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жемқорлық үшін сотталған Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исақов колониядан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Исақов министрлер кабинетін Атамбаевтың кезінде басқарған. 2019 жылғы желтоқсанда Исақов астанадағы ЖЭС-ті жаңғырту кезінде жемқорлық жасады деген айыппен 15 жылға сотталған. Осы жылдың маусымында экс-премьер Бішкектегі тарихи музей реконструкциясы мен Шолпан Ата қаласындағы ипподром құрылысында жемқорлық жасады деген айып тағылып, тағы сотталған. 

Жақында ол № 27 колонияға ауысқан.

Еске салайық, Қырғызстанның астанасында митингіге шыққандар экс-президент Алмазбек Атамбаевты Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторынан босатылғаны хабарланды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети