Қырғызстанда наразылық білдірушілер парламенттің таратылуын талап етіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда наразылық білдірушілер парламенттің таратылуын талап етіп жатыр © 24.kg

Сооронбай Жээнбековтің президенттіктен кету шешімі туралы мәлімдемесінен кейін митингіге шыққандар Жогорку Кенешті (Парламент) таратуды талап ете бастады, - деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сооронбай Жээнбековтің президенттіктен кету шешімі туралы мәлімдемесінен кейін митингіге шыққандар Жогорку Кенешті (Парламент) таратуды талап ете бастады, - деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Ақпарат бойынша, шерушілер ел басшысы отставкаға кетуі үшін мемлекеттік резиденция маңындағы "Ыстық-Көл" қонақүйінің алдында жиналған. 

Алаңға жиналғандар президент Сооронбай Жээнбековтың отставкаға кетуі туралы жаңалықты естігенде қол шапалақтады. 

"Қымбатты менің отандастарым! Мен үшін Қырғызстандағы бейбітшілік, елдің тұтастығы, халқымыздың бірлігі және қоғамдағы тыныштық бәрінен жоғары. Мен үшін әрбір отандасымның өмірінен қымбат ештеңе жоқ.

Мен билікті ұстамаймын. Қырғызстан тарихында өз азаматтарын атқан, қан төккен президент ретінде қалғым келмейді. Сондықтан отставкаға кету туралы шешім қабылдадым.

Жапаров пен басқа да саясаткерлерді өз жақтастарын ел астанасынан шығарып, Бішкек тұрғындарына бейбіт өмірді қайтаруға шақырамын. Ешбір билік еліміздің тұтастығы мен қоғамдағы келісімге тұрмайды. Алла тағала бәрімізді сақтасын, жерімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын!" - деді Жээнбеков.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети