Орыс тілі Қырғызстанның ресми тілі болып қала береді. Бұл туралы Конституциялық Кеңестің "Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары" секциясының жетекшісі Нұрлан Шерипов айтты, - деп хабарлайды 24.kg.

Оның айтуынша, түрлі ұсыныстар болды, алайда Конституциялық Кеңес мүшелері негізгі Заңда қырғыз тілін мемлекеттік тіл, ал орыс тілін елдің ресми тілін қалдыру туралы шешім қабылдады.
"Орыс тілі ресми болып қала береді. Конституциялық Кеңес қырғыз тілін мемлекеттік, орыс тілін ресми деп бекітті", - деді ол.
Еске салайық, мұның алдында Конституциялық Кеңес мүшесі Садирдин Төралиев орыс тілін ресми тіл мәртебесінен айыруды ұсынған болатын. Оның айтуынша, жастар қырғыз тілінде сөйлеуін тоқтатты. Кейін бұл қоғамда пікірталас туғызған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!