Қырғызстанда парламент спикері президент болудан бас тартты. Билік Жапаровқа өтті

Фото: Sputnik Қырғызстан

Қырғызстан премьер-министрі Садыр Жапаров парламент спикері президенттік өкілеттігін орындаудан бас тартқанын мәлімдеді. Яғни жоғарғы билік Жапаровтың өзіне өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қырғызстан премьер-министрі Садыр Жапаров парламент спикері президенттік өкілеттігін орындаудан бас тартқанын мәлімдеді. Яғни жоғарғы билік Жапаровтың өзіне өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Президент пен премьер-министрдің өкілеттіктері маған берілді", - деді ол.

Айта кетейік, 10 қазанда бостандыққа шыққан оппозиционер Садыр Жапаров Қырғызстанның премьер-министрі болды, ол алдағы жағдай үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін мәлімдеген.

Реклама
Реклама

Кейін Қырғызстан парламенті Жапаров бастаған министрлер кабинетінің жаңа құрамын бекітті.

Еске салайық, 5 қазанға қараған түні Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламенттік сайлаудың қорытындыларымен келіспейтіндер жаппай наразылыққа шыққан. Наразылық білдірушілер қауіпсіздік күштерімен қақтығыстан кейін Парламентке өтпеген оппозициялық партиялардың жақтастары Ақ үйді басып алды.

Ресми мәліметтер бойынша, қақтығыстарда 1,2 мыңнан аса адам зардап шекті, біреуі қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама