Оппозиционер Садыр Жапаров Қырғызстанның премьер-министрі болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Sputnik Қырғызстан Фото: Sputnik Қырғызстан

Бостандыққа шыққан оппозиционер Садыр Жапаров Қырғызстанның премьер-министрі болды, ол алдағы жағдай үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бостандыққа шыққан оппозиционер Садыр Жапаров Қырғызстанның премьер-министрі болды, ол алдағы жағдай үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Қырғызстан парламенті Жапаров бастаған министрлер кабинетінің жаңа құрамын бекітті.

"Мен алдағы жағдай үшін жауапкершілік алуға дайынмын", - деді Садыр Жапаров Жоғарғы Кеңестің (Парламент) кезектен тыс отырысында.

Ол барлық саясаткерді Қырғызстандағы жағдай үшін халықтан кешірім сұрауға шақырды және президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетуге дайын екенін айтты.

"Барлық міндеттеме орындалады. Біз әлеуметтік жағынан өсуіміз керек, дәрігер мен мұғалім мамандығының беделін көтеру керек", - деді Садыр Жапаров.

Үкіметтің құрамы мен құрылымы өзгермейді.

"Әзірге мен министрлер кабинетінің бүгінгі құрамымен жұмыс істеуге дайынмын. Бірақ болашақта өзгерістер болады, жас кадрлар міндетті түрде келеді", - деді ол.

Жоғарғы Кенеш министрлер кабинетінің басшысы лауазымына басқа кандидаттарды қарастырған жоқ.

Еске салайық, 5 қазанға қараған түні Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламенттік сайлаудың қорытындыларымен келіспейтіндер жаппай наразылыққа шыққан. Наразылық білдірушілер қауіпсіздік күштерімен қақтығыстан кейін Парламентке өтпеген оппозициялық партиялардың жақтастары Ақ үйді басып алды.

Ресми мәліметтер бойынша, қақтығыстарда 1,2 мыңнан аса адам зардап шекті, біреуі қайтыс болды.

Қырғызстан премьер-министрі Кубатбек Боронов отставкаға кетті. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 516.04  course up  583.52  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer