Қырғыз Республикасында президент сайлауын жүргізетін сайлау учаскелері өз жұмысын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қырғыз Республикасында президент сайлауын жүргізетін сайлау учаскелері өз жұмысын бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кетейік, президент сайлауы бүгін, 15 қазанда сағат 8.00 мен 20.00 аралығында өтеді.
Сайлауға 11 үміткер қатысып отыр: Эрнис Зарлыков, Токтоайым Уметалиева, Темир Сариев, Улукбек Кочкоров, Таалатбек Масадыков, Омурбек Бабанов, Арстанбек Абдылдаев, Азимбек Бекназаров, Сооронбай Жээнбеков, Адахан Мадумаров пен Арсланбек Малиев.
Республика бойынша 2 375 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр, оның 234-і -- Бішкекте.
Сағат 20.00-ден кейін бюллетендер саналып, сайлаушылардың даусы саналады.
Сағат 21.00-ге дейін сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялау жоспарланып отыр. Айта кетейік, нәтиже Қырғыз Республиксы Орталық Сайлау комиссиясының ресми сайтында жарияланады.
Қырғыз Республикасы президенті 2017 жылдың 4 қарашасына дейін анықталады.
Еске сала кетейік, осыған дейін 12 қазаннан бастап Бішкектегі ішкі істер органдарының барлық құрамының күшейтілген режимге өткені хабарланған болатын.