Қырғызстанда президент сайлауы өтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда президент сайлауы өтіп жатыр Фото: Reuters

Қырғызстанда президент сайлауы өтіп жатыр. Мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу қажеттігі елдің бұрынғы басшысы Сооронбай Жээнбеков 16 қазанда митингілер аясында отставкаға кеткеннен кейін пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда президент сайлауы өтіп жатыр. Мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу қажеттігі елдің бұрынғы басшысы Сооронбай Жээнбеков 16 қазанда митингілер аясында отставкаға кеткеннен кейін пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қырғызстандық БАҚ президенттікке үміткерлер мына адамдар екенін айтты:

Садыр Жапаров;
Қанатбек Исаев;
Мықтыбек Арыстанбек;
Клара Сооронқұлова;
Имамидин Ташов;
Әбділ Сегізбаев;
Адахан Мадумаров;
Аймен Қасенов;
Улукбек Кочкоров;
Женишбек Байгуттиев;
Эльдар Абакиров;
Курсан Асанов;
Арыстанбек Әбділдаев;
Равшан Жээнбеков;
Бақтыбек Калмаматов;
Бабыржан Төлбаев;
Қаныбек Иманалиев.

Еске салайық, 2020 жылдың 4 қазанында Қырғызстанда парламент сайлауы өткен болатын. Онда билеуші партия жеңіске жетті, бірақ оппозиция бұған келіспеді. Елде жаппай наразылықтар басталды. Митингіге шыққандар президент әкімшілігі орналасқан парламент ғимаратын басып алды. Осылайша қырғызстандық ОСК сайлау қорытындысының күшін жойды.

Бішкектегі тәртіпсіздіктер президент Сооронбай Жээнбеков 15 қазанда өз еркімен отставкаға кеткеннен кейін тоқтады. Мемлекет басшысының міндетін атқарушы және премьері Садыр Жапаров болды. Ол бұған дейін 2012 жылы билікті күшпен басып алуға тырысқаны үшін сотталған және колонияда болған. Алайда наразылық білдірушілер оны босатып алды, ал Жоғарғы сот оқиғадан кейін оны ақтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети