Қырғызстанда шекарадағы қақтығыс бойынша 11 қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда шекарадағы қақтығыс бойынша 11 қылмыстық іс қозғалды

Қырғызстан ішкі істер министрлігі Тәжікстанмен шекарадағы қақтығыс бойынша 11 қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Еркебек Ашырхожаев мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Министр орынбасарының айтуынша, қылмыстық іс "Адам өлтіру", "Жаппай тәртіпсіздік", "Шекарадан заңсыз өту", "Бұзақылық" және "Бейбітшілікке қарсы қылмыс" баптары бойынша қозғалған.

"Барлығы 11 қылмыстық іс қозғалды, қазір тергеу жүріп жатыр", - деді ол.

Шекарадағы қақтығыс 28 сәуірде басталған. 29 сәуірде кешке Қырғызстан мен Тәжікстан атысты тоқтатуға келіскен. Алайда кей жерде атыс қайта басталған болатын. Кеше тараптар бейбіт келісімге келу бойынша екінші әрекетке барып, атыс тоқтатылғанын жариялаған. 

178 жәбірленуші медициналық көмекке жүгінген, 34 адам қаза болған, оның ішінде бір бала бар. Қақтығыс аймағынан 33 мыңнан аса адам эвакуацияланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 506.65  course down  593.07  course down  6.55  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети