Қырғызстанда магнитудасы 4-ке тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.
Қырғызстанда магнитудасы 4-ке тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.
Жерасты дүмпулері 24 қараша күні Астана уақыты бойынша сағат 07.15-те тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Ыстықкөлдің оң жақ жағалауына жақын, Алматыдан 152 шақырым қашықтықта болды. Сейсмологтардың мәліметінше, зілзаланың энергетикалық класы - 8,5, тереңдігі - 15 шақырым. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.
Еске сала кетейік, 20 қарашада Қырғызстанда магнитудасы 5,1-ге тең жер сілкінісі болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында Қара-Согот ауылынан солтүстік-шығысқа қарай жеті шақырым қашықтықта, Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 30 шақырым жерде болған.
Сонымен қатар, 17 қарашада Астана уақыты бойынша, 23.29-да Қырғызстанда жер сілкінді. Магнитудасы 6,3 болған зілзаланың ошағы Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 495 шақырымда болды. Таразда және Меркеде күші 3 балл болатын жер сілкінісі сезілген.