01 мамыр 2021 | 10:43

Қырғызстанда Тәжікстанмен шекарадағы қақтығысқа байланысты аза тұту күндері жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда 1-2 мамыр ұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Жарлыққа ел президенті Садыр Жапаров қол қойды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанда 1-2 мамыр ұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Жарлыққа ел президенті Садыр Жапаров қол қойды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

Жапаровтың жарлығына сәйкес, осы күндері елдің барлық аумағында, сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық және консулдық мекемелердің ғимаратында Қырғызстанның мемлекеттік жалауы төмен түсірілуі тиіс.

Мәдениет мекемелері мен телерадиокомпанияларға ұлттық аза тұту күндері ойын-сауық іс-шаралары мен бағдарламаларды тоқтату ұсынылды. Ел үкіметі жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылдайтыны хабарланды.

"29-30 сәуірдегі қарулы қақтығыс нәтижесінде Баткен облысындағы қырғыз-тәжік шекарасында бейбіт тұрғындар мен әскери қызметшілер арасында құрбандар мен зардап шеккендер бар. Қарулы қақтығыс бейбіт тұрғындар мен заңды тұлғаларға айтарлықтай мүліктік залал келтірді", - делінген басылымда.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 154 адам зардап шекті, оның 31-і қайтыс болды. Бішкек медициналық мекемелеріне 43 адам көшірілді.

Қырғыз-тәжік шекарасында не болып жатыр?

Шекарадағы қақтығыс 28 сәуірде Баткен ауданы Көк-Таш ауылындағы "Головный" су тарату пунктінің маңында басталды. Екі жақ бір-біріне тас лақтыра бастады. Кейін жағдай шиеленісе түсіп, атыс болды.

29 сәуірде кешке Қырғызстан мен Тәжікстан атысты тоқтатып, әскери күштерді алып кетуге келісті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети