Қырғызстанда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі ұсталды

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда ұйымдасқан қылмыстық топ мүшесі ұсталды Фото: 24.kg

Бішкекте бұрын іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі, қылмыстық ортада Доо Шыңғыс деген атпен танымал Шыңғыс Жұмағұлов ұсталып, Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg порталына сілтеме жасап. 

Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті мәліметінше, Доо Шыңғыс қылмыстық топ құру, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалардан аса ірі көлемде жүйелі түрде ақша бопсалау дерегі бойынша қолда бар ақпарат аясында ұсталған.

Сурет: ҚР ҰҚКМК/24.kg. Шыңғыс Жұмағұлов

Бұған дейін әлеуметтік желіде арнайы қызмет өкілдері ("Альфа" арнайы жасағы болуы мүмкін) "Гелендвагенді" тоқтатуға әрекеттеніп жатқан видео жарияланған. Онда кейбір ақпараттар бойынша Шыңғыс Жұмағұлов болған, бірақ жүргізуші оларға бағынбай кетіп қалады.

Сондай-ақ, Доо Шыңғыс туған Ичке-Суу ата ауылында қауіпсіздік күштері мен қылмыстық авторитет жақтастары арасында атыс болғаны хабарланды.

Кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Доо Шыңғыстың ұсталғаны және атыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети