Қырғызстандағы жағдай "хаосты" еске түсіреді - Кремль

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстандағы жағдай "хаосты" еске түсіреді - Кремль ©REUTERS

Кремль Қырғызстанда болып жатқан жағдайға алаңдаулы. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кремль Қырғызстанда болып жатқан жағдайға алаңдаулы. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Жағдайдың ушығуы әрине біздің алаңдаушылығымызды тудырады. Бұл да біздің озық серіктесіміз. Біз ЕурАзЭҚ, ТМД шеңберінде терең интеграция жағдайында жұмыс істейміз, сондықтан, әрине, онда болып жатқанның бәрі біз үшін өте маңызды", - деді Песков.

Ол Қырғызстандағы жағдай хаосты еске түсіретінін айтты. "Қауіпсіздік Кеңесінің міндетін атқарушы және ҰҚК төрағасының (Омурбек Суваналиев) күш-жігері де осы жағдайды тұрақтандыруға ықпал етеді деп үміттенеміз", - деп толықтырды Песков.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети