Қырғызстандағы президент сайлауы: Атамбаев жәшікке бос бюллетень салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстандағы президент сайлауы: Атамбаев жәшікке бос бюллетень салды Фото: president.kg

№47 түзету колониясында Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев мерзімінен бұрын президент сайлауына және республикадағы басқару нысаны үшін референдумға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

№47 түзету колониясында Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев мерзімінен бұрын президент сайлауына және республикадағы басқару нысаны үшін референдумға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұрынғы мемлекет басшысының адвокаты Замир Жоошевтің айтуынша, процесс 9 қаңтарда №47 СК-де мерзімінен бұрын дауыс беру аясында өтті.

"Алмазбек Атамбаев бұл сайлауда Президенттікке үміткерлердің ешқайсын қолдамады. Қалыс қалды. Яғни, жәшікке таза бюллетень салды", - деді ол.

Сондай-ақ, Атамбаев парламентаризмге дауыс бергені айтылады.

Еске салайық, бұған дейін Бішкектің Первомай соты тамыз айындағы тәртіпсіздіктер туралы қылмыстық істерді жерді заңсыз сатып алу, Бішкек ЖЭО жаңғырту кезіндегі сыбайлас жемқорлық, сондай-ақ заңсыз баю туралы қылмыстық істерді бір өндіріске біріктірген болатын. Бұл істердің фигуранты - Алмазбек Атамбаев.

Айта кетейік, Садыр Жапаров Қырғызстан президенті сайлауында көш бастап тұр. Бұған дауыстардың 72,84 пайызын есептеудің алдын ала қорытындылары дәлел.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети