15 шілде 2024 | 11:08

Қырғызстандағы сел: Өзбекстанда 7 жасар қыздың денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: facebook.com/OshMeriya Фото: facebook.com/OshMeriya

Ош облысында селден қаза тапқан жеті жасар қыздың денесі табылды. Бұл туралы Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ош облысында селден қаза тапқан жеті жасар қыздың денесі табылды. Бұл туралы Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы Шахрихонсой суару каналынан 2017 жылы туған қыздың мәйіті табылды.

"Қыздың денесі "Достук" шекара заставасы арқылы Қырғызстан тарапына тапсырылды. Құтқарушылар екі әйел мен тағы екі қызды іздеуді жалғастырып жатыр", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Сондай-ақ, Ош қаласында сел салдарынан 146 тұрғын үй мен бір балабақшаның зақымданғаны хабарланды.

Ош облысы Қара-Суй ауданының Мады, Датка, Баш-Булак ауылдарында 642 үй мен тоғыз әлеуметтік нысанды су басып қалды. Төрт мектеп, бір балабақша, екі аурухана, мұражай және ФАП ғимараттары зардап шекті.

Еске салайық, 14 шілдеде Ош облысы мен Ош қаласында қатты сел болды. Табиғи апат салдарынан жолдар қирап, көшелерді су басып, төрт адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Қалада төтенше жағдай жарияланды.

Бастапқыда 4 адам із-түзсіз жоғалды деп хабарланды, кейін апат салдарынан зардап шеккендер саны 30 адамға дейін өскені белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.87   523.31   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети