Қырғызстандағы тәртіпсіздік: зардап шеккендер саны мыңнан асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстандағы тәртіпсіздік: зардап шеккендер саны мыңнан асты Фото: 24.kg

Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендер саны 1002-ге жетті. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендер саны 1002-ге жетті. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Кеше билік 911 адамның зардап шеккенін және бір адамның қайтыс болғанын хабарлаған.

"Қазір зардап шеккендер саны 1002-ге жетті, бір адам көз жұмды", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі. 

Оның айтуынша, зардап шеккен 797 адам алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық жағдайда емделуге жіберілген, ал түрлі жарақат алған 204 адам ауруханаға жатқызылған.

Еске салайық, 5 қазанда Қырғызстанда елдегі парламент сайлауының қорытындысымен келіспеген азаматтар жаппай наразылық білдірді. Митингіге шыққандар президент әкімшілігі және парламент отыратын Ақ үйге басып кірді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети