27 наурыз 2016 | 20:01

Қырғызстанның арнайы қызметтері оппозицияның төңкеріс жасау жайлы әңгімесінің аудиожазбасын таратты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның арнайы қызметтері оппозицияның төңкеріс жасау жайлы әңгімесінің аудиожазбасын таратты, - деп хабарлайды 24.kg.


Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанның арнайы қызметтері оппозицияның төңкеріс жасау жайлы әңгімесінің аудиожазбасын таратты, - деп хабарлайды 24.kg.

Оппозиционерлердің кездесуі 10 наурызда Эрнест Қарыбековтың басшылығымен өтті. Қарыбековті құқық қорғау органдары 26 наурызда ұстаған болатын. Жазбаға қарағанда, кездесуге Дастар Сарығұлов, Тұрған Нұрматов, "Қамшы" және белгісіз адам. Жиналғандар билікті басып алған жағдайдағы министрліктегі және ведомстволардағы қызметтерді үлестіру жайлы әңгімелескен. 

Ал Қырғызстанның МҰҚК аудиожазбада даусы шыққандардың біріне іздеу жариялады. Арнайы қызметтер 2010 жылдың 7 сәуіріндегі оқиғаға қатысқан адамды және Сәуір көтерілісінің қаһарманы Дуулатбек Тұрдуналиевті ұстай алмады. Ол билікті тартып алғысы келді деп де күдікке ілінді.

Еске салайық, 24 наурызда арнайы қызметтер оппозиция лидерлері Бектұр Асановты және Қуанышбек Қадыровты билікті күш қолдану арқылы тартып алғысы келді деген күдікпен ұстаған еді. Бұған олардың телефон арқылы сөйлескені себеп болған. Оппозиционерлер Қырғызстанның барлық өңірінде тәртіпсіздіктер ұйымдастырмақ болған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети