04 маусым 2022 | 15:57

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі 2,5 миллион екпені негізсіз сатып алған

Қырғызстан МҰҚК "Альфа" арнайы бөлімшесінің қызметкерлері 2 маусымда елдің денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиевті ұстады., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі INTERFAX порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан МҰҚК "Альфа" арнайы бөлімшесінің қызметкерлері 2 маусымда елдің денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиевті ұстады., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі INTERFAX порталына сілтеме жасап.

"Денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиевтің жеке қалауы бойынша 2021 жылдың сәуір, маусым, шілде және қыркүйек айларында шетелдік компаниялардан 1,6 миллиард сомға жуық қаражтқа 2,5 миллион екпе негізсіз сатып алынды. Ақша оффшорлық шоттарға аударылған", - делінген Қырғызстан Бас прокуратурасының хабарламасында.

Бұрынғы министрге қатысты пара алу фактілері бойынша тағы екі қылмыстық іс, ал лауазымдық жағдайын асыра пайдалану фактілері бойынша төрт қылмыстық іс қозғалды.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиевтің  ұсталғаны хабарланған еді. Бұл ақпаратты елдің Бас прокуратурасының баспасөз қызметі растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная