02 маусым 2022 19:27

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ҚР Бас прокуратурасы Фото ҚР Бас прокуратурасы

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев ұсталды. Бұл ақпаратты елдің Бас прокуратурасының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі Алымқадыр Бейшеналиев ұсталды. Бұл ақпаратты елдің Бас прокуратурасының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шенеунік вакциналарды негізсіз сатып алды деген күдікке ілінді.

"2020 жылғы желтоқсаннан 2021 жылғы қыркүйекке дейін Қырғызстан халықаралық ұйымдардан, Ресейден, Қытайдан, Әзербайжаннан және Қазақстаннан қайтарымсыз гуманитарлық көмек түрінде 451 560 вакцина алды. Сондай-ақ, мемлекет басшысының Ресей мен Қытай президенттерімен келісімінің нәтижесінде гуманитарлық көмек түрінде 6 миллионнан аса вакцина алынды. Соған қарамастан, денсаулық сақтау министрінің тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі шетелдік компаниядан 1 миллиард 581 мың сомға (шамамен 5 миллиард 480 миллион теңге) 2 миллион 460 мың вакцина дозасын сатып алған", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Барлық қаражат оффшор шоттарға аударылған. Вакцинаны сатып алғаннан кейін препараттың 243 мыңнан аса дозасы қолданылмай қалған, олардың жарамдылық мерзімі өтіп кеткен.

Сондай-ақ, Департамент мемлекетке келтірілген залал мөлшерін 1 миллиард 581 мың сомға бағалады.

"Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 336-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрі мен ведомствоның басқа да қызметкерлерінің қатысы бар сыбайлас жемқорлыққа байланысты тағы 5 іс қарастырылып жатыр", - деді Қырғызстанның Бас прокуратура қызметкері.

Шенеуніктің ұсталған сәті видеоға түсіп қалған. Кадрлар Telegram-арналарда тарады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети