02 ақпан 2021 | 15:05

Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігіне пандемия кезінде алаяқтық жасады деген айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қырғызстан прокуратурасы елдің Денсаулық сақтау министрлігі қорғаныш құралдарын сатып алу кезінде алаяқтық жасады деген күдікке ілді. Қырғызстандық ДСМ пандемия кезінде бахилаларды 1,5 сомға (шамамен 7,5 теңгеден) алудың орнына 150 сомнан (шамамен 750 теңге) алған, яғни 100 есе қымбат. Бұл туралы Бас прокуратура жүргізген тексеріс кезінде белгілі болды, - деп хабарлайды 24.kg.

Иконка комментария блок соц сети

"2020 жылдың 6 мамырында Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы аурулардың профилактикасы және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің комиссиясы негізсіз, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзып, өнім берушілердің ең төменгі бағасы бар коммерциялық ұсыныстарын қабылдамай, жеке қорғаныш құралдарын, комбинезондарды, медициналық қолғаптарды және бахилаларды жоғары бағамен жеткізуге "Ф" ЖШҚ-мен тікелей әдіспен шарт жасауды ұсынған", - деді прокуратураның баспасөз қызметінің өкілдері. 

Осылайша техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкес келмейтін 101,3 мың жұп қолғап жеткізілген. Ал келісімде көрсетілген 1,5 сомдық 150 мың бахиланың орнына "Ф" ЖШҚ 1,5 мың бахила жеткізген. 

"Денсаулық сақтау министрлігі мен аурулардың алдын алу және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің басшылығы мен лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 5,175 миллион сом (шамамен 26 миллион теңге) залал келтірілді", - деді прокуратура өкілдері. 

Тексеру материалы Бас прокуратураның қылмыстар мен теріс іс-әрекеттер бірыңғай тізілімінде тіркелген. Материалдар тергеу үшін құқық қорғау органдарына берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети