Қырғызстанның экс-премьері ұсталды - БАҚ

© Фото/ Үкіметтің баспасөз қызметі / Әлішер Әлиев және sputnik.kg

Қырғызстанда экс-премьер-министр Мұхаммедқалый Әбілғазиев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. Ол заңсыз баю дерегі бойынша күдікке ілінді.

Қырғызстанда экс-премьер-министр Мұхаммедқалый Әбілғазиев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. Ол заңсыз баю дерегі бойынша күдікке ілінді.

26 қаңтарда Қырғызстанның экс-премьер-министрі жауап алуға шақырылғаны, содан кейін оның күдікке ілінгені туралы хабарлама жіберілгені мәлім. Мұхаммедқалый Әбілғазиев Құмтор кен орнына байланысты істе тергеліп жатыр. 

Sputnik.kg деректері бойынша, өткен жылдың соңында қаржы полициясы Әбілғазиевтің елден кетуіне тыйым салған. Ол жауап алуға шақырылды, бірақ қандай іс бойынша екені хабарланбады. Бұрған дейін де қаржы полициясы Әбілғазиевке елден шығуға тыйым салған. Ал ондай әрекетке барса, ұсталатыны атап өтілген. 

Реклама
Реклама

Мұхаммедқалый Әбілғазиев Қырғызстан премьер-министрі қызметін 2018 жылдың 20 сәуірінен 2020 жылдың 15 маусымына дейін атқарды. Бұған дейін ол ел президентінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама