27 қаңтар 2021 09:45

Қырғызстанның экс-премьері ұсталды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Фото/ Үкіметтің баспасөз қызметі / Әлішер Әлиев және sputnik.kg © Фото/ Үкіметтің баспасөз қызметі / Әлішер Әлиев және sputnik.kg

Қырғызстанда экс-премьер-министр Мұхаммедқалый Әбілғазиев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. Ол заңсыз баю дерегі бойынша күдікке ілінді.


Қырғызстанда экс-премьер-министр Мұхаммедқалый Әбілғазиев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. Ол заңсыз баю дерегі бойынша күдікке ілінді.

26 қаңтарда Қырғызстанның экс-премьер-министрі жауап алуға шақырылғаны, содан кейін оның күдікке ілінгені туралы хабарлама жіберілгені мәлім. Мұхаммедқалый Әбілғазиев Құмтор кен орнына байланысты істе тергеліп жатыр. 

Sputnik.kg деректері бойынша, өткен жылдың соңында қаржы полициясы Әбілғазиевтің елден кетуіне тыйым салған. Ол жауап алуға шақырылды, бірақ қандай іс бойынша екені хабарланбады. Бұрған дейін де қаржы полициясы Әбілғазиевке елден шығуға тыйым салған. Ал ондай әрекетке барса, ұсталатыны атап өтілген. 

Мұхаммедқалый Әбілғазиев Қырғызстан премьер-министрі қызметін 2018 жылдың 20 сәуірінен 2020 жылдың 15 маусымына дейін атқарды. Бұған дейін ол ел президентінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети