27 қаңтар 2021 10:52

ҰҚК Қырғызстанның ұсталған экс-премьерінің мүлкін көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхаммедқалый Әбілғазиев. Фото: 24.kg Мұхаммедқалый Әбілғазиев. Фото: 24.kg

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлық және заңсыз баю дерегі бойынша ұсталған бұрынғы премьер-министрдің мүлкінің суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлық және заңсыз баю дерегі бойынша ұсталған бұрынғы премьер-министрдің мүлкінің суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, Әбілғазиев министрлер кабинетінің басшысы кезінде "Құмтор Голд Компани" ЖАО-ға геологиялық барлау және алтын өндіру үшін қосымша аумақ беру үшін негізсіз және ұлттық заңнаманы бұза отырып үкімет қаулысына қол қойған.

"Осының нәтижесінде кеніштің жалпы аумағы екі еседен аса ұлғайып, бірнеше мұздық пен қорғалатын аумақты қоса алғанда 26,3 мың гектар шыққан. Айта кеткен жөн, бұған дейін Қызыл кітапқа енгізілген бірегей табиғи кешендерді, биологиялық, ландшафтық әртүрлілікті және өсімдіктер мен жануарлар әлемінің түрлерін сақтау мақсатында аталған кеніштің ауданын кеңейтуге тыйым салатын Үкімет қаулысы болған. Бұл аумақтарды дайындау Ыстықкөл биосфералық аймағының жануарлар мен өсімдіктер әлемі үшін ауыр экологиялық зардаптарға алып келеді, елдің гидроэнергетикалық жүйесін де бұзуы мүмкін", - деп хабарлайды Қырғызстан ҰҚК өкілдері.

Ведомствоның мәліметінше, экс-премьер мемлекеттік қызметте өзінің активтерін заңсыз көбейткен. Бұл оның ресми кірісінен бірнеше есе артық.

"Оларды заңдастыру мақсатында Әбілғазиев Бішкек, Шу және Ыстықкөл облыстарының аумағында жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алған, сондай-ақ көп пәтерлі элиталық үйлердің құрылысына қаржы салған. Қылмыстық жауаптан жалтару үшін бұл активтер жалған тұлғаларға жазылған", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, кеше, 26 қаңтарда Қырғызстанның бұрынғы Үкімет басшысы сотқа дейінгі іс жүргізу аясында ұсталып, ҚР ҰҚКҰ тергеу изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети