Қырғызстанның экс-президенті 10 жылға сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РИА Новости © РИА Новости

Бішкектің Октябрь аудандық соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев пен ағасы Жәнібек Бакиевті 262 гектар ауылшаруашылық жерді зәулім үйлер салуға арналған аумаққа айналдырғаны үшін сырттай 10 жылға соттады. Үкімді судья Дамирбек Назаров оқыды, - деп хабарлайды РИА Новости

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бішкектің Октябрь аудандық соты Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев пен ағасы Жәнібек Бакиевті 262 гектар ауылшаруашылық жерді зәулім үйлер салуға арналған аумаққа айналдырғаны үшін сырттай 10 жылға соттады. Үкімді судья Дамирбек Назаров оқыды, - деп хабарлайды РИА Новости

2008 жылы Қырғызстан прокуратурасы Бйтик, Лебединовск және Кара-Жыгач ауылдық округтеріне қарасты "ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді" "елді мекен" аумақтарына ауыстыруына байланысты бірнеше шенеунікке қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Қылмысты ұйымдастырғандар бұрынғы депутат Карганбек Смаков, Жаныш және Курманбек Бакиевтер сыбайластар, ал қазіргі депутат Игорь Чудинов, бұрынғы премьер Искендер Айдаралиев және бұрынғы ауылшаруашылық министрі Арыстанбек Ногоев қызметтік бабын асыра пайдаланған деп айыпталды. 

Кұрманбек және Жаныш Бакиев әрқайсысы 10 жылдан, ал жалпы алғанда өмір бойы бас бостандығынан айырылды. 

Экс-депутат Карганбек Самаков мүлкі тәркіленіп, 10 жылға сотталды. Алайда 2010 және 2011 жылғы рақымшылық есебінен мерзім үш есе қысқарады. Чудинов пен Айдаралиевке 5 миллион сом (72 мың доллардай) айыппұл салынды.

Айыпталушылар кінәсін мойындады. Дегенмен Самаков соңғы сөзінде істің жалған құрылғанын айтқан. Ал Бас прокуратураның Тергеу басқармасының басшысы Кылычбек Арпачиев тергеу кезінде 100 мың доллар пара алғаны үшін сотталған.

Қазіргі таңда Кұрманбек Бакиев отбасымен бірге Минск қаласында тұрады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro