Қырғызстанның экс-президенті елден кетіп қалған: адвокаты мән-жайды айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: gov.kg Фото: gov.kg

Қырғызстанның экс-президенті Сооронбай Жээнбековтың адвокаты - Жыргалбек Бабаев бұрынғы мемлекет басшысының Қырғызстан шекарасынан шығып кеткені туралы ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанның экс-президенті Сооронбай Жээнбековтың адвокаты - Жыргалбек Бабаев бұрынғы мемлекет басшысының Қырғызстан шекарасынан шығып кеткені туралы ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін 24kg ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, Жээнбеков отбасымен бір күн бұрын елден кеткенін хабарлады.

Адвокаттың айтуынша, бұрынғы президент жарымен бірге Ыстамбұлға ұшып, одан ары Сауд Арабиясына барады. 

"Сооронбай Жээнбеков Меккеге кіші қажылыққа кетті. Экс-президент бұл сапарды Сауд Арабия королінің шақыруымен жасайды және оны 2020 жылдың қарашасынан бастап жоспарлаған. Пандемияға байланысты қажылар үшін кіру шектелді, сондықтан ресми шақыру қажет болды. Шақыру 2021 жылдың ақпан айының басында келді", - деді Бабаев Tengrinews.kz тілшісіне.

Кіші қажылық 10 күннен аса уақытқа жалғасатыны, содан кейін Жээнбеков Бішкекке оралатыны хабарланды.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанның экс-президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкек қалалық сотына бұрынғы премьер-министр Дүйшенбек Зилалиевтің ісі бойынша жауап алуға шақырылған болатын. 

Тыңдау ертең, 3 ақпанда өтеді. 

Зулайка Эркимбаева, Бішкек

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro