16 маусым 2016 | 11:10

Қырғызстанның экс-президенті сырттай өмір бойына бас бостандығынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ағайынды Жаныш пен Құрманбек Бәкиевтер © РИА Новости Ағайынды Жаныш пен Құрманбек Бәкиевтер © РИА Новости

Соттың екінші инстанциясы Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бәкиевті сәуір айында елде болған оқиғаларға байланысты сырттай өмір бойына бас бостандығынан айырды. Ол ерекше режимдегі колониясында жазасын өтеуі тиіс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сонымен қатар, Бәкиев үш жыл уақыт бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, мүлкі тәркіленетін болды.


Иконка комментария блок соц сети

Соттың екінші инстанциясы Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бәкиевті сәуір айында елде болған оқиғаларға байланысты сырттай өмір бойына бас бостандығынан айырды. Ол ерекше режимдегі колониясында жазасын өтеуі тиіс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сонымен қатар, Бәкиев үш жыл уақыт бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, мүлкі тәркіленетін болды.

Айта кетейік, Қырғызстан республикасының Әскери сотының қылмыстық істер және әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы сот алқасы Қырғызстанда 2010 жылы сәуірде болған көтеріліс жайлы істі қарап болды. Еске салайық, көтеріліс салдарынан 87 адам қаза тауып, 400 адам түрлі жарақат алған еді.

Сонымен қатар, Қырғызстан республикасы Мемлекеттің күзет қызметінің төрағасы болған Бәкиевтің ағасы Жәнібек Бакиев те өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ал Қырғызстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болған экс-президенттің үлкен ұлы Марат Бәкиев 27 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын күшейтілген режимде өтейді. Қырғызстан Республикасының бұрынғы премьер-министрі Данияр Үсенов те өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Басқа шенеуніктер 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Қырғызстанда 2010 жылы сәуірде болған оқиғаларға байланысты алғашқы сот үкімін Бішкек гарнизонының әскери соты 2014 жылдың 21 шілдесінде шығарған болатын. Айта кетейік, сотталғандар екінші сот инстанциясының үкіміне Жоғарғы сотта шағым түсіре алады.

Еске салайық, Бәкиев 2010 жылы халықтың оның билігіне қарсы болған жаппай наразылықтары үшін Қырғызстаннан қашып кеткен еді. Беларусь президенті Александр Лукашенко бұрынғы әріптесіне және оның отбасына баспана беруге келісімін берген болатын. Айта кетейік, түрлі мемлекеттік қызметте жұмыс істеген Қырғызстанның экс-президентінің балалары мен ағайындары осы уақытқа дейін қашып жүрген еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети