10 желтоқсан 2018 | 11:19

Қырғызстанның экс-вице-премьері Дүйшенбек Зилалиев ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүйшенбек Зилалиев. © gov.kg Дүйшенбек Зилалиев. © gov.kg

Қырғызстанның экс-вице-премьер-министрі Дүйшенбек Зилалиев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеген.


Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанның экс-вице-премьер-министрі Дүйшенбек Зилалиев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. Бұл туралы Қырғызстанның Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеген.

"Қырғызстанның Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, заңсыз баю дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында тергеу шараларын жүргізді... Дүйшенбек Зилалиевтің ірі сомадағы қаражат түріндегі активтері бар екені анықталды - ол оның ресми табысынан айтарлықтай жоғары", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Тергеу мәліметінше, Зилалиев 2011-2017 жылдар аралығында мемлекеттік құрылымдарда басшылық қызметтерін атқарып келген. Оның ішінде Мемлекеттік мүлікті басқару қорының төрағасы және Қырғызстанның Геология және минералды ресурстары мемлекеттік агенттігінің директоры қызметтерінде болған.

Осы кезеңдердегі декларацияларға сәйкес, оның табысы - 43 мың доллар. Алайда мемлекеттік шенеуніктің банктегі сақталған ақшасы 889 мың 900 долларға жеткен.

Комитеттегілер қазіргі уақытта Зилалиевтің уақытша тергеу изоляторында екенін және тергеу жүріп жатқанын айтып өтті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети