22 қаңтар 2021 16:30

Қырғызстанның жаңа президенті ұлықтау рәсіміндегі кортеж бен банкеттен бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қырғызстанның жаңа президенті Садыр Жапаров ұлықтау рәсімі салтанатынан, атап айтқанда, арнайы кортеж бен банкеттен бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жапаров ұлықтау рәсімі туралы өз көзқарасын Қырғызстан президентінің ресми сайтында толығырақ айтып берді.


Қырғызстанның жаңа президенті Садыр Жапаров ұлықтау рәсімі салтанатынан, атап айтқанда, арнайы кортеж бен банкеттен бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жапаров ұлықтау рәсімі туралы өз көзқарасын Қырғызстан президентінің ресми сайтында толығырақ айтып берді.

Садыр Жапаров халық бұл шешімін "түсініп, қолдайды" деген үмітте.

"Қазанда болған оқиғалардан кейін қалыптасқан саяси жағдайды, республиканың экономикалық, қаржылық және эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып, мұндайда біз ел экономикасы үшін ауыртпалық түсіретін іс-шаралардан бас тартуымыз керек деп санаймын.

Мен арнайы кортежден, банкеттен және үлкен қаржылық шығындар болатын басқа да шаралардан бас тарту туралы шешім қабылдадым. Президент лауазымына кірісу үшін заңнамада талап етілетін міндетті рәсімдерді ғана ескеру және жүзеге асыру керек.

Мемлекет өзінің барлық назарын мемлекеттік қаражатты халық пен оның мұқтажына қолдануға аударуы тиіс", - деп мәлімдеді ол.

Айта кетейік, Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың инаугурациясы 28 қаңтарда Бішкек филармониясында өтеді.

Қырғызстанның жаңа президенті алғашқы сапарын Қазақстаннан бастауды шешті.

Қырғызстан Президентінің мерзімінен бұрын сайлауы 10 қаңтарда өтті. Жаңа мемлекет басшысы туралы не білеміз, мына жерден оқи аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети