Қырғызстанда наразылық шараларынан кейін құрылған координациялық кеңес өз ұсынысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қырғызстанда наразылық шараларынан кейін құрылған координациялық кеңес өз ұсынысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Координациялық кеңес Қырғызстан халқына және саяси күштеріне жасаған үндеуін Қырғызстанның әлеуметтік-демократиялық партиясының мүшесі және өкілі Құндық Жолдубаева Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.
"Елдегі ресми билік, атап айтқанда Қырғыз Республикасының президенті, атқарушы органдар және Орталық сайлау комиссиясының Қырғыз Республикасының Жогорку Кенешінің 7-шақырылымында өткізген сайлауында заң өрескел бұзылды, сондай-ақ Қырғызстан халқының саулау құқығын толық жалмады, 2020 жылғы 5 және 6 қазанда халық биліктің жалғыз көзі ретінде өзінің конституциялық құқын пайдаланды және билікті толық өз қолына алды", - делінген жарияланған хатта.
Координациялық кеңес қазіргі жағдайдан шығу үшін жауапкершілікті уақытша өз мойнына алып, келесіні ұсынады:
- Жогорку Кенештің 6-шақырылымын кезектен тыс сессиясын шақыру;
- Жогорку Кенештің төрағасын сайлау;
- саяси күш өкілдерін қоса отырып, халық сенімінің коалициялық үкімет құру үшін үкіметтің отставкасын қабылдау.
Еске салайық, Бішкектің орталығындағы "Ала-Тоо" алаңында парламенттік сайлау нәтижесіне қарсы болғандар митингіге шықты. Бүгін таңертең олар Ақ үйге басып кірді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!