Қырым көпірінде жүк көлігі жарылып, салдарынан пойыздың жеті жанармай цистернасы өртенді. Көпірдегі қозғалыс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қырым көпірінде жүк көлігі жарылып, салдарынан пойыздың жеті жанармай цистернасы өртенді. Көпірдегі қозғалыс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ресейдің Ұлттық антитеррорлық комитеті өкілдері бұл оқиғаны нұқсан келтіру деп атады.
"Бүгін Мәскеу уақытымен сағат 06:07-де (Астана уақыты бойынша 09:07. - еск.) Таман түбегі жағынан Қырым көпірінің автомобиль бөлігінде жүк көлігі жарылып, салдарынан Қырым түбегі бағытында жүретін пойыздың 7 жанармай багы тұтанған. Көпірдің екі көлік жүретін жол аралығы ішінара опырылды. Көпірдің кеме жүретін бөлігіндегі аркаға зақым келген жоқ", - деп хабарлады комитет өкілдері.
Оқиға орнында жарылыс мән-жайын анықтау және оның салдарын жою шаралары жүргізіліп жатыр.
Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген фотолар мен видеолар тарап кетті.
Куәгерлер көпірдің бір бөлігінің құлағанын айтып, оқиға орнынан түсірілген кадрларды жариялап жатыр, бірақ бұл әзірге ресми расталған жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!