Сайлау учаскелері ©REUTERS
Жергілікті уақыт бойынша алғашқы жартыкүндікте Қырым тұрғындарының 44 пайыздан астамы (670,6 мың адам) референдумға қатысып, өз дауыстарын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы Симферопольде өткен брифингте Қырым Жоғарғы кеңесінің референдум өткізу жөніндегі комиссиясының төрағасы Михаил Малышев мәлімдеді. Малышев бірқатар елдімекендер мен аудандардың сандық көрсеткіштерін де жариялады. "Алушта - 38,63 пайыз, Армянск - 43 пайыз, Джанкой - 45 пайыз , Керчь - 64,35 пайыз, Красноперекопск - 66 пайыз, Судак - 47,13 пайыз, Феодосия - 51пайыз, Ялта - 40 пайыз, Симферополь ауданы - 41 пайыз, Бахчисарай ауданы - 39,81 пайыз дауыс берді", - деді референдум өткізу жөніндегі комиссиясының төрағасы. Естеріңізге сала кетейік, Қырым мен Севастопольде 16 наурыз күні ертеңгісін референдум басталған болатын. БАҚ мәліметінше, қазірге құқықбұзушылық фактілері тіркелмеген. Референдум бюллетенінде екі-ақ сұрақ бар. Олар: 1. Сіз Қырымның Ресейдік субъектісі ретінде Ресей Федерациясының құрамына қосылуын қолдайсыз ба? 2. Сіз Қырым Республикасының 1992 жылғы Конституциясын қайта жаңғыртып, Қырымды Украинаның бір бөлігі мәртебесінде қалғанын қолдайсыз ба?
Жергілікті уақыт бойынша алғашқы жартыкүндікте Қырым тұрғындарының 44 пайыздан астамы (670,6 мың адам) референдумға қатысып, өз дауыстарын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы Симферопольде өткен брифингте Қырым Жоғарғы кеңесінің референдум өткізу жөніндегі комиссиясының төрағасы Михаил Малышев мәлімдеді.
Малышев бірқатар елдімекендер мен аудандардың сандық көрсеткіштерін де жариялады. "Алушта - 38,63 пайыз, Армянск - 43 пайыз, Джанкой - 45 пайыз , Керчь - 64,35 пайыз, Красноперекопск - 66 пайыз, Судак - 47,13 пайыз, Феодосия - 51пайыз, Ялта - 40 пайыз, Симферополь ауданы - 41 пайыз, Бахчисарай ауданы - 39,81 пайыз дауыс берді", - деді референдум өткізу жөніндегі комиссиясының төрағасы.
Естеріңізге сала кетейік, Қырым мен Севастопольде 16 наурыз күні ертеңгісін референдум басталған болатын. БАҚ мәліметінше, қазірге құқықбұзушылық фактілері тіркелмеген. Референдум бюллетенінде екі-ақ сұрақ бар. Олар: 1. Сіз Қырымның Ресейдік субъектісі ретінде Ресей Федерациясының құрамына қосылуын қолдайсыз ба? 2. Сіз Қырым Республикасының 1992 жылғы Конституциясын қайта жаңғыртып, Қырымды Украинаның бір бөлігі мәртебесінде қалғанын қолдайсыз ба?