"Қырымды да босатамыз". Зеленский мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қырымды да босатамыз". Зеленский мәлімдеме жасады © Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский халқына айтқан кейінгі үндеуінде елге "азаттық келетінін" мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина президенті Владимир Зеленский халқына айтқан кейінгі үндеуінде елге "азаттық келетінін" мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап. 

Владимир Зеленский "басып алынған оңтүстік, Донбас, Харьков облысындағы адамдармен сөйлесуге мүмкіндігі бар жандардың барлығына, оларға шындықты айтуға", ең алдымен "азаттық келетіні туралы" айтуға шақырды.

"Кирилловка, Геническ, Бердянск, Мангуш, Горловка, Донецк, Луганскіге айтыңыздар. Украина жерінде Ресей туын көруге мәжбүр болған Харьков облысындағы барлық адамға айтыңыздар. Оларға Украина әскері міндетті түрде келетінін айтыңыз. Әрине, біз Қырымды да босатамыз. Украина туы Ялта мен Судакта, Джанко мен Евпатория көгінде де желбірейді.

Қырымдағы баға жетпес жерімізді басып алған ресейлік шенеуніктердің әрқайсының есінде болсын: бұл олар үшін тыныш жататын жер емес", - деді Украина президенті отандастарына арнаған кезекті кешкі үндеуінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети