Севастопольдағы баннер. Фото vm.ru сайтынан алынды
Еxit polls-тың алдын ала жариялаған мәліметі бойынша, жексенбі күні өткен референдум кезінде қырымдықтардың 93 пайызы Ресейге қосылуға дауыс берді. Бұл мәлімет "Қырым онлайн" порталында референдум өткен күні, яки наурыздың 16-сында кешқұрым жарияланған. Онда сондай-ақ референдумға қатысқандардың 7 пайызы қарсы дауыс бергені туралы да мәлімет жарияланған. Қырым республикалық саяси және әлеуметтік зерттеулер институты өткізген Exit polls Қырым Автономды Республикасындағы 150 дауыс беру учаскесі мен Севастополь қаласындағы 50 учаскеде өткізілген. Ондағы сауалнамаға барлығы 60 мыңға жуық адам қатысқан. Қырымның мәртебесін анықтауға арналған референдум наурыздың 16-сы күні кешқұрым аяқталды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Қырымдағы дауыс беруге сайлаушылардың 73 пайызы (1 милллон 123 мың 999 адам) дауыс берген екен. Ал Севастополдағы референдумға қатысушылар саны 255 мың 725 адамға жетіп, бұл барша дауыс беруге құқылы тұрғындардың 83 пайызын құрайды. Рефрендумды өткізу жөніндегі комиссия басшысы Михаил Малышев атап өткендей, референдумды өткізу барысында ешқандай да арыз-шағым келіп түспеген. Ресейдің қоғамдық палатасы мен Федерация кеңесінің бақылаушылары да дауыс беру кезінде ешбір заң бұзушылықтың болғанын анықтаған жоқ, деп хабарлайды РИА Новости. Қазіргі уақытта учаскелік комиссия өкілдері дауыс беру қорытындысын есептеу үстінде. Рефедендумның ресми қорытындысы сәлден кейін белгілі болмақ. Алайда, Украинаның жаңа билігі мен көптеген әлемдік державалар Қырымдағы референдумның заңдылығын мойындайтын емес. Украиндың БАҚ өкілдері жазғандай, Қырымда өткен референдумға жергілікті тұрғындармен бірге, шетелдіктер де дауыс берген. "Дауыс бергендер арасында Украина азаматы емес адамдардың да болғанын айқындайтын құжаттардың бары анықталып отыр. Ол шара ресейлік әскерилердің тікелей қадағалауымен өтуде, сондай-ақ дауыс беруде бақылаудың болмағаны да анық", - деді Украина әділет министрі Павел Петренко.
Еxit polls-тың алдын ала жариялаған мәліметі бойынша, жексенбі күні өткен референдум кезінде қырымдықтардың 93 пайызы Ресейге қосылуға дауыс берді. Бұл мәлімет "Қырым онлайн" порталында референдум өткен күні, яки наурыздың 16-сында кешқұрым жарияланған. Онда сондай-ақ референдумға қатысқандардың 7 пайызы қарсы дауыс бергені туралы да мәлімет жарияланған.
Қырым республикалық саяси және әлеуметтік зерттеулер институты өткізген Exit polls Қырым Автономды Республикасындағы 150 дауыс беру учаскесі мен Севастополь қаласындағы 50 учаскеде өткізілген. Ондағы сауалнамаға барлығы 60 мыңға жуық адам қатысқан.
Қырымның мәртебесін анықтауға арналған референдум наурыздың 16-сы күні кешқұрым аяқталды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Қырымдағы дауыс беруге сайлаушылардың 73 пайызы (1 милллон 123 мың 999 адам) дауыс берген екен. Ал Севастополдағы референдумға қатысушылар саны 255 мың 725 адамға жетіп, бұл барша дауыс беруге құқылы тұрғындардың 83 пайызын құрайды.
Рефрендумды өткізу жөніндегі комиссия басшысы Михаил Малышев атап өткендей, референдумды өткізу барысында ешқандай да арыз-шағым келіп түспеген. Ресейдің қоғамдық палатасы мен Федерация кеңесінің бақылаушылары да дауыс беру кезінде ешбір заң бұзушылықтың болғанын анықтаған жоқ, деп хабарлайды РИА Новости.
Қазіргі уақытта учаскелік комиссия өкілдері дауыс беру қорытындысын есептеу үстінде. Рефедендумның ресми қорытындысы сәлден кейін белгілі болмақ.
Алайда, Украинаның жаңа билігі мен көптеген әлемдік державалар Қырымдағы референдумның заңдылығын мойындайтын емес. Украиндың БАҚ өкілдері жазғандай, Қырымда өткен референдумға жергілікті тұрғындармен бірге, шетелдіктер де дауыс берген.
"Дауыс бергендер арасында Украина азаматы емес адамдардың да болғанын айқындайтын құжаттардың бары анықталып отыр. Ол шара ресейлік әскерилердің тікелей қадағалауымен өтуде, сондай-ақ дауыс беруде бақылаудың болмағаны да анық", - деді Украина әділет министрі Павел Петренко.