Қытай 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына билет сатудан бас тартты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытай 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына билет сатудан бас тартты ©REUTERS

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті билеттерді ашық сатылымға шығармау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті билеттерді ашық сатылымға шығармау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар мұндай шешім елдегі және әлемдегі күрделі эпидемиялық жағдайға байланысты қабылданғанын айтты. Билеттерді ашық сатылымға шығаруға рұқсат жоқ, бірақ билеттер белгілі бір көрермен топтарына тікелей таратылады.

©REUTERS

"Ойынды тамашалауға арналған орындарды тек вирусқа қарсы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтайтындар ғана ала алады. Олардың арасында билет квотасы бөлінеді", - делінген Олимпиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің мәлімдемесінде.

Бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2022 жылы Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына шетелдік көрермендер жіберілмейтінін мәлімдеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети